Түзеу мекемесінде ерекше акция өтті | arainews.kz

Түзеу мекемесінде ерекше акция өтті

138

Сотталғандар арасында тәрбие жұмысын күшейтуге байланысты ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінде САТӘПЖ бөлімінің психология қызметінің жоспарына сай 12 тармағын орындау мақсатында «Сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсауға қарсы» акция өткізілді. Арт-терапияға негізделген акция аясында сурет салу, өлең шумақтарын жазу, тақпақтар құрастыру жаттығулары берілді. Шараға барлық  жасақтардан 15 сотталған азамат қатысты.

Бұл өткізілген акцияның мақсаты – сотталған азаматтар түзеу мекемесінде бас бостандығы, сана-сезімдері және ойлау қабілеттері шектеулі болғандықтан өз-өзіне қол жұмсау сияқты жағымсыз ойлардан арылуға бағыттау. Сондай-ақ, жұмысқа қабілеттіліктерін  арттыруға, көңіл-күйлерін және психологиялық белсенділігін көтеру, адамға эмоционалды жігер беру.

Сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсауға қарсы — акция тапсырмалары, мына тақырыпта болды: «Менің арманым», «Менің мақсатым», «Менің отбасым, жанұям», «Менің болашақ өмірім», «Менің арманым». Аталған бағыттар бойынша сурет салып, өлең шумақтарын жазып және берілген суретті боған сотталғандар, туындыларына тақырып қойып, алдын ала берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру шарасына да қатысты. Тапсырманы сотталған азаматтар жақсы көңіл күймен қабылдады.

Акция барысында сотталғандарға түрлі бағыттағы сұрақтар қойылып, арт-терапияға қосымша әңгіме-сұхбат өткзілді. Кейбір сотталған азаматтар «жанұядағы» адамдармены қарым-қатынасы жайлы айта алмай жүрген ойларымен бөлісті, үйлеріндегі жанұяларының әрбір адамдарын еске түсіріп, «әңгіме» құрастыру арқылы сағыныштарын жеткізді. Бұл оймен бөлісу процессі адамға жағымды көңіл күй сыйлап, алға жоспар құруға және үміт үзбеуге көмегін тигізеді.

Қатысқан барлық сотталған азаматтар тапсырманы тыңғылықты орындап, осындай жағымды жылы-шырайлы ахуалда өткізілген тапсырманың нәтижесі, кеңес беру әдістемесімен аяқталды.

Г. Ибраимова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесі

САТӘПЖ бөлімінің аға инспектор психологы,

әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.