Апат айтып келмейді. Өңір су тасқынына қаншалықты дайын?! | arainews.kz

Апат айтып келмейді. Өңір су тасқынына қаншалықты дайын?!

43

Биыл еліміздің біраз аумағында қар қалың түсті. Табиғат құбылысына қарап ылғал мол болады деп топшылағанымызбен көктемгі су тасқынының алдын алуды назардан тыс қалдырмау керек. «AMANAT» партиясы партиялық бақылау комитетінің отырысында осы мәселе күн тәртібіне шығарылды.
Бейнебайланыс арқылы өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өңірде су тасқыны кезеңін апатсыз режимде өткізу мақсатында іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты Тараз қаласы мен аудандарда кезекшілік кестесі әзірленіп, облыстағы ахуалға мониторинг жүргізілуде.
Облысы аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі құрылған жедел штабының отырысы өткізіліп, облыста «2023 жылы көктемгі су тасқыны мерзімінде өткізілетін дайындық іс-шараларының жоспары» іс-шарасының орындалу мәселесі қаралып, бекітілген жұмыстарды мерзімінде кезең-кезеңімен атқару бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды, -деді Е.Құлымбайұлы.
Осы орайда «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының отырысында да осы мәселе қаралды.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1-6 ақпаны аралығында облыс аумағында су тасқынының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы зерделенген болатын. Жиында әуелі осы зерделеудің қорытындысы хабарланды.
Келесі кезекте Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ермек Момбаев баяндама жасап, жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Жиында сонында көмиссия мүшелері тарапынан жан-жақты талқыланып, ұсыныстар береліп, тиісті қаулы қабылданды. Аталған жұмымтар алдағы уақытта та партия филиаларының бақылауда болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.