Алматы облысында фермер өз жұмысшысын аяусыз соққыға жыққан | arainews.kz

Алматы облысында фермер өз жұмысшысын аяусыз соққыға жыққан

14

Талдықорғанда шаруа мен оның мал шаруашылығы қызметкері арасында жанжал шығып, жұмыс беруші қызметкерін соққыға жыққан, деп хабарлайды turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер Талдықорған қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ферма қызметкерін аяусыз соққыға жыққан деген күдікке ілінді.

Анықталғандай, жәбірленуші отбасымен осы фермада тұрып, осында мал баққан.  Ферма қожайыны мен малшы екеуінің арасында жанжал туындап, содан кейін ферма қызметкері әйелі мен кәмелетке толмаған балаларын алып, сол жерден кетуге шешім қабылдады.

Полицейлердің болжамынша, 43 жастағы күдікті Лексус-470 көлігімен жұмысшысын қуып жетіп, оны құлатып, ағаш таяқпен аямай соққыға жыққан.

Дәрігерлер жәбірленушіге асқынған гемопневмоторакс, тоғыз қабырғасы мен иық сүйегінің сынуы деген диагноз қойды. Ер адам облыстық ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ұстау кезінде күдікті жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған», – деп хабарлады Ақсу аудандық полициясы.

Құқық қорғау органдары «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.