«Алғыс айту» күні ақжарма тілегін жеткізді | arainews.kz

«Алғыс айту» күні ақжарма тілегін жеткізді

73

Жеті жылдан бері елімізде көктемнің алғашқы күнінде «Алғыс айту» күні атап өтіледі. Осынау мерекенің қарсаңында ел тұрғындары бір-біріне шынайы ризашылығын білдіріп, бірін-бірі мерекемен құттықтауға асығады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан азамат осынау ізгілік пен мейірімділік мерекесінде еркіндікке уақытынан бұрын шығу мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты екенін айтып, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ азамат ақжарма тілегін ақ қағазға түсіріп, №25 мекемесінің қызметкерлеріне рахметін айтқан.

Азамат хатында түзеу мекемесінің қызметкерлері өз жұмыстарын жауапкершілікпен орындайтынын, жаза басып темір торға тоғытылғандардың туыстарына сыпайылық танытып, көмектесуге дайын тұратындығын атап өткен.

Бостандыққа шыққан азамат жергілікті полиция қызметіне апарылып, жұмысқа орналасуға жолдама алды.

К. Әбдімомынова,
ҚАЖД №25 мекемесінің САТӘПжБ ЕТҚЕ инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.