Алғашқы жартыжылдықта 1 млрд 543 млн. теңге әлеуметтік көмек төленген | arainews.kz

Алғашқы жартыжылдықта 1 млрд 543 млн. теңге әлеуметтік көмек төленген

174

Тараз қаласында Мемлекет басшысының ағымдағы жылы 27 ақпандағы тапсырмасына сәйкес Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тетігі 1 сәуірден бастап жаңа форматта жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, қала тұрғындарына әлеуметтік көмек тағайындау кезінде күнкөріс деңгейі 50 пайыздан 70 пайызға дейін өсті, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек аумақтық учаскелік комиссисының шешімімен тағайындалып төленуде. Кедейлік деңгейінің 20789 теңгеге көтерілуіне байланысты бүгінге дейін 6 829 отбасына 1 млрд 543 миллион теңге тағайындалып төленген. Сондай-ақ, 2380 отбасына АӘК тағайындаудан бас тартылса, 1004 отбасының құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Масылдыққа жағдай жасамау мақсатында жалған мәлімет ұсынған, табысын жасырған және өзге де мәліметтерді анықтау үшін, АӘК алушы отбасылардың тұрмыстық жағдайы қайта тексерілуде.  Бүгінде 541 отбасына тексеру жасалып, нәтижесінде 63 отбасының өтініші қайта қаралып, әртүрлі себептермен (көрсетілген мекенжайда тұрмайтыны, материалдық жағдайы жақсы, ата-анасымен бірге тұрып жатқан, бірақ өтініште көрсетпеген, бағалы автокөлігі және арнайы техникалары, базарда өзінің жеке кәсібі бар, жалған ақпарат және т.б. мәлімет ұсынғаны үшін)  32млн 896 мың теңге төлем тоқтатылды. 1 млн 34714 теңге мемлекет қазынасына өз еркімен қайтарылды, 2 құжаттың материалы сотқа берілді, 132 құжат салық басқармасына, 9 құжат еңбек инспекциясына жіберілді.

2019 жылға «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 453,2 млн. теңге қаржы қарастырылып, 6728 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, ағымдағы жылдың 4 айында 1356 адам  жұмыспен қамтылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.