Алдағы үш күнде елімізде қар жауып, күшті жел соғады | arainews.kz

Алдағы үш күнде елімізде қар жауып, күшті жел соғады

136

Синоптиктер алдағы 22-24 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

«Бұл күндері Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел соғады, көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдай Батыс Сібірдегі белсенді циклонмен байланысты атмосфералық ағындардың өтуі кезінде байқалады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын күтіледі. Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, қар аралас жаңбыр күтіледі, ал 24 қарашада таулы аймақтарда қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болуы ықтимал және батыстан күшті, екпінді жел соғады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.