Ақтауда заманауи қоқыс жәшіктері қойылып жатыр | arainews.kz

Ақтауда заманауи қоқыс жәшіктері қойылып жатыр

202

Ақтауда қоқыстарды сұрыптап салуға арналған жәшіктер қойылып жатыр.

4 жәшіктің бірі — шыныға, екіншісі — пластикалық бұйымдар мен қағаздарға, соңғы екеуі  тұрмыстық қалдықтарға арналған. Бастаманы «Caspiy operating» ЖШС іске асырып отыр.

«Қазір 8-шағынаудандағы 5 үйдің жанына қойылды. Алдағы уақытта басқа жерлерге де орнатылады», — деп хабарлады Ақтау әкімдігінен.

«Caspiy operating» ЖШС өкілдігі  бұл бастаманың әзірше пилоттық жоба ретінде іске асырылып жатқанын, ресми тұсаукесері 15 қарашада болатынын атап өтті.

Осы уақытқа дейін қалада қағаздарға, бос сусын шөлмектеріне арналған түрлі-түсті  контейнерлер қойылған еді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.