Ақпараттық топ Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндірді | arainews.kz

Ақпараттық топ Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндірді

614

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында өңірлерде ақпараттық-насихаттық топтар құрылған. Бас құжаттан туындаған басты міндеттерді халыққа жеткізіп, Жолдауда көзделген мақсатты көпшілікке түсіндіру үшін ақпараттық топ мүшелері ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті.

Өңірлік ҚАЖ департаментінде өткен алқалы жиынға департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековпен оның орынбасарлары әділет полковнигі Бекболат Ескеев, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев сондай-ақ, бөлім басшыларымен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Басқосуда қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі Ермекбай Серікбаев мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттың әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және технологиялық салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ал облыс бойынша бірыңғай зейнетақы қорының бас маманы Асылбек Ошанов аталған қорға байланысты өзекті сұрақтарға тоқталып, жеке құрам қызметкерлерін қызықтырған ақпаратпен бөлісті. Жиын соңында насихаттық топ өкілдері кездесуде туындаған сауалдарға жауап берді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.