Әкімшілік сот ісін жүргізудегі маңызды кезеңдердің бірі | arainews.kz

Әкімшілік сот ісін жүргізудегі маңызды кезеңдердің бірі

45

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай — ӘРПК) 5 бабына сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу болып табылады.

Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында сот үшін келіп түскен әкімшілік іс бойынша даудың нысанын дұрыс түсіне отырып, тиісті, дұрыс әрі толық іс-әрекеттер жүргізу маңызды. Сот талқылауы басталғанға дейін судья дауды мүмкіндігінше бір сот отырысы барысында шешу үшін қажетті барлық әрекеттерді, өкімдерді жүргізеді.

ӘРПК-нің 138 бабының 4 бөлігіне сай Әкімшілік істі алдын ала тыңдауға дайындау мақсатында судья: талап қоюшыға талап қоюдың жоюға болатын кемшіліктерін көрсетеді және оларды түзету үшін, әдетте, мұндай талап табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді, оған соттың талаптарын орындамаудың процестік салдарларын түсіндіре отырып белгілейді; әкімшілік істі дұрыс және уақтылы қарау мен шешу үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген процестік әрекеттерді жүргізеді.

Судья жауапкерді Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес дайындалған және ресімделген жазбаша пікірді және жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әкімшілік іспен бірге (бар болса) беруге міндеттейді.

Талап қоюшы алдын ала тыңдау сатысында пікірмен және ұстаныммен танысады.

Оларды судья белгілеген мерзімде ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдануға негіз болып табылуы мүмкін және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.

Судья ақылға қонымды мерзімде алдын ала тыңдау жүргізеді.

ӘРПК-нің 16 бабында Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылатындығы көзделген. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.

Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

ӘРПК-нің осы бабында баян етілгендей сот шешім шығару үшін кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюшы – талап қоюды толық немесе бір бөлігінде кері қайтарып алуға, ал жауапкер талап қоюды толық немесе бір бөлігінде тануға құқылы. Талап қоюшы сот шешім шығару үшін кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негізін және нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін арттыруға немесе азайтуға құқылы. Әкімшілік істі қарау мерзімінің өтуі бастапқы талап қойылған күннен бастап есептеледі.

Бұл ретте сот өз бастамасы бойынша талап қоюдың нысанасын өзгертуге құқылы емес екендігіне назар аударған жөн.

Жоғарыда көрсетілген соттың іс-әрекеттерді жүргізу процестік сатысы ӘРПК-нің қағидаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың кілті деп тұжырымдауға болады. Бұл өз кезегінде әкімшілік сот ісін жүргізуде даудың дұрыс шешілуінің негізі болып табылады.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Е.В.Романенко

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.