Адам өмірін сақтау — басты міндет | arainews.kz

Адам өмірін сақтау — басты міндет

28

«Жастар рухы» жастар қанаты
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе «Қауіпсіз қала» акциясын өткізіп жатыр.

Мақсаты – бала қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулалардың жарықтандырылуы, үй жағдайында газ балондарының дұрыс орналасуы, қозғалыс (мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолы), су айдындарындағы қауіпсіздік және кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына рейд жұмыстарын жүргізу.

Осы мақсатта Тараз қаласының іргесінде орналасқан Құмшағал алқабына барып арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қыстың қамын жаз ойла демекші оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындардың пешті дұрыс пайдалануы, газ балондарды талапқа сай орналастыруы бойынша алқаптағы әр үйге кіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Аталған шара жоғарыдағы бағыт бойынша ай бойы жалғасады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.