Адам құқықтары жөніндегі уәкіл түзеу мекемесіне барды | arainews.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл түзеу мекемесіне барды

52

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесіне Жамбыл облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Берікбол Байхожаев және облыс бойынша ұлттық алдын алу тетігінің өкілі Гусейнали Насиров жұмыс сапарымен келді. Оның барысында сотталғандарды ұстау шарттарын қарап, жазасын өтеушілермен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар меймандар мекемеде орнатылған 8 арыз беру терминалы мен сотталғандардың жақындарымен байланысуына арналған 20 дана таксофонның жұмысын көріп, олардың жұмысқа жарамды екеніне көз жеткізді. Содан соң мекеме басшылығымен бірлесіп мекеменің аумақтарын аралап шықты. Олардың белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексеріп, көңілі толатындарын айтты. Түзеу мекемесіндегі адам құқығын қорғау бағытына ерекше назар аударған қонақтар бұл қоғамның даму деңгейіне әсер ететінін мәлімдеді. Сонымен қатар мекеме жұмысында ешқандай кемшілік жоқ екенін айтып, оң бағасын берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.