Зейнетақы қорында 10, 25 млн. жеке шот шоғырланған | arainews.kz

Зейнетақы қорында 10, 25 млн. жеке шот шоғырланған

533

Апта басында «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның  Жамбыл облыстық филиалында  «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта ашық есік күні өтті.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуінен кеңестік дәуірден мұраға қалған зейнетақы жүйесі жарамсыз болып қалды. Осылайша зейнетақы жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттігі туындады.  Реформаның басты мақсаты –  азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершілігіне негізделген  әлеуметтік әділдік қағидатына сай жүйе қалыптастыру, яғни, әр азаматы зейнетақы жүйесіне қосқан үлесіне сай зейнетақымен қамтамасыз ету болатын.

Азаматтардың жинақтарын  тиімді, қауіпсіз басқару мақсатында  2013 жылы МЖЗҚ-ның негізінде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры құрылды (БЖЗҚ). Қазақстанның зейнетақы жүйесі ортақ, базалық және жинақтаушы бөліктерден тұрады. Бірлескен зейнетақы бұрынғыша екі көзден қаржыландырылып, мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады.

Бүгінде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай әкімгері және операторы. Қорда барлық келісім түрлері бойынша  10, 25 млн. жеке зейнетақы шоттары шоғырланған (2018 жылдың 1 қыркүйегіне). Олардың  9,75 млн-ы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 464,8 мыңы – міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 39,8 мыңы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттар. Зейнетақы  шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 8,8 трлн.

Шараға қатысушылар сонымен қатар өздерін толғандыратын жеке сауалдарына да жауап алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.