4 азамат еркіндікке шықты | arainews.kz

4 азамат еркіндікке шықты

54

Түзеу мекемесінде жазасын өтеп, ақ пен қараны ажыратардай дәрежеге жетіп, қоғамға қайта бейімделіп шыққан азаматтар көп жағдайда қиын сәтте қолдау көрсетіп, тура жолға салған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне разылығын білдіріп жатады. Мәселен, бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемеде жазасын өтеп, жуырда ғана жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан 4 азамат өз алғыстарын айтып кетті.

Мекемеден босатылуына байланысты мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне арыз-шағымы жоғын, бостандыққа шыққанына қуанышты екенін айтқан олар мекемеде өткен уақыт аралығында моральдік тұрғыда демеу көрсетіп, өзінің жіберген қателіктерін түсінуге, өмірдің мәнін қайта ұғынуға сеп болған барша мекеме ұжымына алғысын жеткізді.

Мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты Кәмшат Әбдімомынова босап шыққан азаматтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетінін айтып, бостандықта білімін жетілдіріп, денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуларына мамандар қол ұшын созатынын жеткізді. Сондай-ақ, еркіндіктегі өміріне сәттілік тіледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.