Қордай аудандық мәдениет үйіне жаңа басшы тағайындалды | arainews.kz

Қордай аудандық мәдениет үйіне жаңа басшы тағайындалды

16

Бүгін Қордай аудандық Мәдениет үйінің директоры болып Боранбек Елдар Ханжанұлы тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжыммен таныстырған аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл директордың қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта аудан мәдениетінің даму жолында жұмыла еңбек етуге шақырды.

Боранбек Елдар Ханжанұлы 30 наурыз, 1997 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамабек ауылында дүниеге келген.

2014-2018 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік униварситеті;

2020-2022 Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институты;
Мамандығы «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының бакалавры;
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бакалавры;

Жұмыс орны •2016-2017жылдары режиссер Камат Кайсеновтің жетекшілігіндегі «Azzaree» театрының алғашқы актері;
• 2018 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театры актері;
• 2018-2019 жылы «Арай» жастар газетінің тілшісі;
• 2019-2023 жылдар аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығы мекемесінің «Редактор», «Бас редактор», «Әдіскер» қызметтерін атқарды

Жетістіктері: Республикалық, облыстық жыр мүшайларының жүлдегері.
«Дін-ғылымның анасы» атты Республикалық жазба ақындар мүшайрасында «Бас жүлде», «Сырда туған сырбаз ақын» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлері додасында «Бас жүлде», «Шынның жүзі – Шер аға» атты облыстық мүшәйрадан 1 орын, «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты Республиалық жазба ақындар мүшәйрасының «Бас жүлде» иегері.
«Ақыл ойдың алғыры» атты Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай өткен облыстық мүшайраның 2 орын, «Жырға ғашық жүрегімнің жүгі ауыр» атты аудандық мүшайраның «Бас жүлде» иегері.

— «Жамбылдың жауқазын жырлары» атты өңірлік жас ақындар кітабына өлеңдері енген;
— «Жастық жыры» атты жеке шығармашылық жыр кітабының авторы.
— «Талас ауданына – 90 жыл» мерекелік төсбелгісімен мараппатталған.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.