Үздік теолог республикалық байқауға жолдама алды | arainews.kz

Үздік теолог республикалық байқауға жолдама алды

91

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен департаментке бағынысты мекемелердің теолог мамандарының арасында байқау ұйымдастырылды. Аталған байқауда дінтанушы мамандар өздерінің білімі мен біліктіліктерін сынға салып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты жарыс нәтижесінде департаментке бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің САТжӘПЖ бөлімі теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша инспектор-теологы Жарас Жақсыбекұлы үздік деп танылды. Сонымен қатар, Ж. Жақсыбекұлы Қостанай қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.