ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ | arainews.kz

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

477

Облыс бойынша  үш ауысымды 1, орын тапшылығы бар 16 және апатты 4 мектеп бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Апатты жағдайдағы 1 мектептің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, 2019-2020 оқу жылында пайдалануға беріледі. Қалған 3 мектептің мәселесі 2019-2021 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда. Ал үш ауысымды 1 мектеп жергілікті бюджет есебінен 2019 жылы пайдалануға беріледі. Осылайша ағымдағы жылы облыста үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді.

Оқушы орны тапшы 16 мектептің бір мектебінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, Шу ауданындағы 2 мектептің орын тапшылығы мәселесі толықтай шешіледі. Байзақ ауданындағы 2 мектептің және Қордай ауданындағы 2 мектептің орын тапшылығы мәселесін нақтылауға 2019 жылғы республикалық бюджетке ұсынылады. Қалған 9 мектептің мәселесі 2020-2021 жылдары шешіледі деп жоспарлануда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.