Жоба шарттары жан-жақты түсіндірілуде

«Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» жобасы ел Үкіметінен қолдау тауып, қазіргі таңда 10 ауылдық округте жүзеге асуда. Осыған орай, арнайы топ жобға қатысып жатқан ауылдарда болып, пилоттық жобаның талаптары мен мән-маңызын түсіндіруде.

Облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев бастаған топ мүшелері бүгін Меркі ауданының Сұрат ауылдық округіне ат басын бұрды. Топ құрамында келген облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев және тиісті салалық басқармалардан арнайы мамандар пилоттық жоба аясында атқарылған жұмыстар барысымен танысты.

Осыған орай ауыл тұрғынларымен өткен жиында жобаны ауылда ұйымдастыру мәселелері қаралып, жаңа құрылған пилоттық көпсалалы кооператив мүшелері бекітілді. Кооперативтің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін типтік құжаттар, басқарудың оңтайлы моделі әзірленіп, ол туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастыру-құқықтық мәселелер бағытында кооператив Жарғысы бекітіліп, басқарманың сайлану мерзімі, мүшелік жарна көлемі, нормалар, сатып алу бағалары, кооператив қызметтеріне арналған тарифтерді және сатылатын өнімнің құнын бекіту сынды басқарма мүшелерінің міндеттері айқындалды.

Бұдан бөлек ішкі корпоративтік рәсімдер, басқарушы директормен жасалатын жек еңбек шарты, кооператив пен оның мүшелері арасындағы келісім-шарт, олардың құқықтары мен міндеттері таныстырылды.

Жиын соңында Мұратхан Жүнісәліұлы жаңа сайланған басқарма мүшелерінің істеріне сәттілік тілеп, алдағы жоспарланған жұмыстарға біркісідей атсалысуға шақырды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.