Жоба аясында бір адам бостандыққа шықты

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде өткен «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында бір адам бостандыққа шықты.

Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу, құжаттандыру, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу болып табылады.

ЖД-158/4 мекемесінде өткен кездесуге аталған мекеме бастығының орынбасары Дархан Жақсыбеков, Жамбыл облысы бойынша ПД ЖПҚБ УПИҚҰТ аға инспекторы полиция майоры Қ. Ақболатов, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы Мұрат Әмреев және Тараз қалалық №3 Пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Н.Ажигали қатысты.

Шара қатысушылары қоғамға қайта бейімделу процесінің тиімділігі көптеген жайттарға байланысты екенін атап өтті. Соның ішінде, әсіресе, сотталғандарды бостандыққа шығуға дайындаудың, темір тордан шыққаннан кейін оларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығы зор екендігі айтылды.

«Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Пробация қызметінде есепке тұрған және түзету орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы аясында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда жазасын өтеу орындарынан босап шыққандарды әлеуметтік оңалту, қоғамға қайта бейімдеудегі басты мақсат осы топтардың арасында қылмыстың екінші мәрте қайталануын азайту болып табылады. Сотталғандарды бейімдеу – қылмыстық атқару жүйесі органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті болуы керек. Бұл жауапты істе барлық өкілетті органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы ғана оң нәтиже бере алады.

Батырбек Джумаев,
ЖД-158/4 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.