«Жастар — жарқын істер жаршысы» | arainews.kz

«Жастар — жарқын істер жаршысы»

271

Қазақта «Ел ертеңі — жастар» деген дана сөз бар. Бұлай деуіміз тегін емес.
Тұңғыш Президетіміз — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылды — «Жастар жылы» деп жариялауы, ел жастарын бір серпілтіп, бойларына жігер сыйлады. Жастарға білдірген айрықша көңіл — қоғамның ауызбірлігін еселеп, болашаққа деген сенімін арттырды.
Қас-қағым уақыт ішінде алға қойған негізгі міндеттер орындалып, жастар бастамалары жан-жақты қолдау тапты.
Жұмыссыз болған 102 жас 76,0 млн. көлемінде мемлекеттің қайтарымсыз грантын ал алып, өз істерін бастады.
Міне, бүгін Сарысу ауданында «Жастар-жарқын істер жаршысы» атты Жамбыл обылсының 80 жылыдғына орай «Жастар жылын» қорытындылауға арналған форум өтті.
Форумға ережесіз жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, туымызды көкте желбірете білген — Ардақ Назаров пен өзіміздің жерлесіміз, «ДосСтройКонсалт» ЖШС-нің бас директоры — Досбол Мәлікомарұлы және облыстық жастар басқармасының басшысымен көршілес аудандардан жастар қатысты.
Бүгін, қарапайым ауылдан шыққан намысы өр, жүрегі таза, өздеріңіздей іскер азаматтармен сырласудың сәті түсіп, қонақтар өздерінің жеткен жетістіктерімен жастармен бөлісті.
Жиналғандар сауалдарын қойып, еркін пікір алысты.
Жамбыл облысның 80 жылдығына орай қойылған көрмелер таныстырылып, рухани жаңғыру жобалық офисінің атқарылыған жұмыстары баяндалды.
Жастар істері кеңінен көрініс тауып, форум жоғары деңгейде өтті. Қонақтар форум жайлы жақсы пікірлерін білдіріп, аудан әкімі Қ.Мәдібек ережесіз жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, туымызды көкте желбірете білген — Ардақ Назаровқа аудан жастары атынан алғыс білдіріп, қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.
Сонымен қатар белсенді Сарысулық жастарды алғыс хат және сыйлықтармен марапаттады.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.