Жамбылдық өнерпаз халықаралық байқаудан жүлделі оралды | arainews.kz

Жамбылдық өнерпаз халықаралық байқаудан жүлделі оралды

285

Орал қаласында Қазақстан­ның халық әртісі, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орын­даушылардың Х халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтті. Байқауда жамбылдық өнерпаз Фариза Досболова ІІІ орын иегері атанды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен өтетін «Атамекен» ән фестивалі ең алғаш 2000 жылы ұйымдастырылған болатын. Бұған дейін екі жылда бір мәрте өткізіліп келген өнер байқауы енді жыл сайын өтетін болды.

Құрамында Ескендір Хасан­ғалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Чайков­ский атындағы Алматы музыка­лық колледжінің директоры Бір­жан Хасанғалиев, әнші Марат Сар­бөпеев пен Жаскелең Ғайсағалиев, І халық­ар­а­лық «Атамекен» фести­валінің бірінші орын иегері, белгілі әнші Таңат Жексенбаев болған қазылар алқасы биылғы мерейтойлық байқаудың бас жүлдесіне Алматы қаласынан келген Бекзат Абитов лайық деп шешті. Оған 750 мың теңге көлемінде ақшалай жүлде бұйырды. І орынға Түркістан облысынан келген «Сарын» тобы шықты. ІІ орынды оралдық Дамир Сатыбаев пен атыраулық Мұратбек Жұмашев бөлісті. Атыраулық Ержан Мырзахметов, тараздық Фариза Досболова, шығысқазақстандық Нұрбол Черубаев  жүлделі ІІІ орын иегері атанды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.