Жамбылда журналистер арасында футболдан турнир басталды | arainews.kz

Жамбылда журналистер арасында футболдан турнир басталды

289

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан өтетін републикалық турнир басталды.

Айтулы доп додасы облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли және облыс Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтің құттықтау сөзімен салтанатты түрде ашылды.

Сайысқа еліміздің әр өңірінен келген командалар құрамы.

«Хабар» Астана қаласы;

«Тұран» Алматы облысы;

«Ақмешіт» Қызылорда облысы;

«Аппорт» Алматы қаласы;

«Әулиеата» Жамбыл облысы;

«Taraz-Press»  Жамбыл облысы;

«ЕРНИЯЗ-МЕДИА» Шымкент қаласы;

 КТК құрамасы;

Шымкент қаласының құрамасы;

Түркістан облысының құрамасы;

«Блогерлер» Жамбыл облысы;

Еске сала кетейік, 30 тамыз – Конституция күнінде Тараз төрінде облыс әкімінің кубогы журналистер арасында турнир өтетінін жариялаған болатынбыз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.