Жалпыға ортақ еңбек — берекелі қоғам | arainews.kz

Жалпыға ортақ еңбек — берекелі қоғам

208

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі құқықтық тәртіптің нығаюына, сотталғандардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, құқықтарын кеңейтуге, азаматтық іс-шараларға араласуын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Аталмыш іс-шаралар Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен ЖД-158/5 мекемесіне тікелей қатысты мәселелер.
Аталған мекеме қызметкерлері сотталғандарды мекемеге келген күннен бастап, жан-жақты зерттеп, зерделеп барлық оңтайлы әдістерді, қажетті іс-шараларды қызметкерлер, психолог және дәрігерлер көмегімен еңбекке баулыйды, тәрбиелік кешенді шаралар атқарады.

Бұдан бөлек, мекеме әкім­шілігі атқарылған жұмыстар мен іс-шаралардың орындалуын қадағалайды.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, жұмысқа кеңінен орна­ластыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі қызметкерлерімен және қала аумағындағы кәсіпорындар мен ЖШС өкілдері, «Еңбек-Тараз» басшыларының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде жұмыс берушілер тарапынан сотталғандарды еңбекпен қамту мүмкіндігі артты.
Адам адал еңбекпен түбегейлі ай­налысса, дене еңбегі арқылы жаны мен тәнін, санасын тазартатыны бүгінде дәлелденген заңдылық. Мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері сотталғандарды пайдалы жұмыспен, ақылы еңбекпен қамту мәселелерін күнделікті назарда ұстап, дәстүрлі жал­ғастырып келеді.
Қорыта келгенде, қоғамға толыққанды тұлға, азамат ре­тін­де қайтару мақсатында қалыптасқан көп сатылы тәртіп үрдісінің нәтижесінде олар­дың өтелмеген жаза мерзімін ізгілен­діріп, жеңілдетіп, шартты түрде мерзі­мінен бұрын босатуға жағдай туғызылып отыр.
Кешенді іс-шаралар қоғам қауіпсіздігін сақтап бостандыққа шыққан тұлғаның қайтадан жаза өтеу мекемесіне оралмай, қылмыстық жолға түспеуіне, қоғамнан өз орынын табуына, өзін сол қоғамның бір бөлшегі саналы да сала­уатты азамат ретінде сезінуіне мүмкіндік беріп, қылмыстың алдын алуға ықпал етері анық.

Нұрсұлу Кенишбаева,

ЖД-158/5 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.