Жүзден жүйріктер | arainews.kz

Жүзден жүйріктер

169

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастыруымен 2018 жылдың маусым айынан бастап мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және жоғары оқу орындарына арналған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» байқауының аймақтық кезеңі өтті. Байқау біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында жүргізілді. Байқау келесі бағыттарды қамтиды: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар, орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар, техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар, жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар, қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар.

Білім беру, оқыту әдістемесі, медиа технология саласындағы білікті мамандар қатарынан жасақталған Сараптамалық кеңес мүшелері түскен бейне материалдарды бағалау жүргізді. Байқауға 22 аталым бойынша бейне материал келіп түсті. Сарапшылар үшін жұмыстарды бағалау оңайға түспеді. Әрбір жұмыс өзінің жаңашылдығы, өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуымен, тәжірибелік бағыттылығы және материалдың әдістемелік құндылығымен ерекшеленді. Сараптамалық кеңес мүшелері бейнематериалдарды Ереже бойынша бағалау критерийлеріне сәйкес бағалады. Байқаудың 4 бағыты бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі «Достық үйінің» мәжіліс залында өтті.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Байқау жеңімпаздары дипломдар және мадақтау қағаздарымен марапатталды. Олар Байқаудың Республикалық кезеңіне қатысуға ұсынымдар алды. Жеңімпаздар республикалық кезеңде Жамбыл облысының абыройын қорғайтын болады. Байқау жеңімпаздарына республикалық кезеңде тек сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз!

Тойганбекова Ш.М.
«Өрлеу»БАҰО» АҚ  филиалы «Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ»
каф.мең., п.ғ.к., қ/профессор
Г.А.Иманалиева
 «Өрлеу»БАҰО» АҚ  филиалы «Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ»
инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.