«Зергер көмбесі» – көне Тараз тарихының бір тармағы | arainews.kz

«Зергер көмбесі» – көне Тараз тарихының бір тармағы

178

2015 жылы «ҚазАрхеология» ғылыми орталығы қызметкерлерінің археологиялық ғылыми-қазба жұмыстары кезінде Тараз қалашығының шахристан аумағындағы керуен сарай маңынан ерекше көмбе тапқан. Өкінішке орай, бұл жәдігерлердің иесі әлі күнге жұмбақ. Аталған көмбедегі бір құмыраның ішінен алтын мен күмістен жасалған 100-ге жуық бұйымдар шыққан. Оның ішінде алтыннан жасалған білезіктер, сырғалар және ою-өрнекпен әдіптелген жапсырмалар, күмістен құйылған білезіктер мен Қарахан империясы дәуірінде шығарылған тиындар, өзіндік ерекше ою-өрнегі бедерленген үлкен ыдыс табақша да бар.
Ғалымдарымыз көмбені шартты түрде «Зергер көмбесі» деп атаған. Бұл заттардың ерекшелігі, әсіресе алтындарды ширата, орағыта орай отырып білезік жасап шыққандығы, ою-өрнектерінің Орта Азиядағы және шығыстағы зергерлердің ою-өрнектері мен әбзелдерінен басқаша, жаңаша түрде жасалынғандығы болып есептеледі. Тараз қаласын астанасы еткен Қарахан мемлекетінің ислам дінін қабылдай отырып, шығыстық үлгідегі ою-өрнектерден бір ерекше дүние жасап шығарғандығы көрініс береді. Әрине, бұл жерде зергердің жаңашылдығы мен оның өзіндік бір дүние ойлап тапқандығы да бар. Бір шетінен зергердің бұл дүниелерді өзінің жеке бір байлығы ретінде сақтағаны да байқалады.
Тарихшылар X-XII ғасырларға тиесілі жауһар жәдігерді өзінің дара дәстүрі, дербес тарихымен ерекшеленетін көшпенділер қолтаңбасының тайға таңба басқандай айрықша көрінісі деп әспеттеп отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.