Таразға Үндістаннан делегация келді | arainews.kz

Таразға Үндістаннан делегация келді

134

Үндістан Ұлттық Кадет Корпусының делегациясы арнайы сапарымен Тараз қаласына келді. Алыстан ат арытып келген меймандармен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков кездесті.

Екі ел арасында 2015 жылы қабылданған меморандум аясында келген бір офицер мен он екі кадет, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті қабылдаған үшінші делегация болып саналады.

Кездесу барысында университет басшысы өткен жылдың басында Үндістанның Джамму және Кашмир қаласында Дулати бабамыздың жерленген жеріне барып келгенін айтып, бұл сапарды екі университетті байланыстыратын достық көпірі ретінде бағалады.

Өз кезегінде Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің әскери атташесі, полковник Милан Винаяк Налаваде де екі елдің достығын нығайтуда М.Х.Дулатидың рөлін атап өтті.

Кездесуден кейін Үндістан делегациясы үшін университет кешендері мен мұражайда экскурсия ұйымдастырылды. Түстен кейін қонақтар әскери кафедра корпусында студенттердің әскери-техникалық дайындық деңгейін тамашалады. Келесі күндері шетелдік қонақтар қаланың көрнекті жерлерін аралап, археологиялық қазба жұмыстары орындарымен танысып, «Ақыртас» қалашығын тамашалайды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.