Тараздық жасұландықтар форумда бас қосты

Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде  «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты форум өтті. Келелі жиын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған форумға қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серікбол Берікқожа, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек қатысты. Форумға сондай-ақ Тараз қаласынан Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы, үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты, «Дарын» мектеп-интернаты, Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының тәлімгерлері мен үйлестірушілері және қаладан келген жасұландықтар да қатысты.

Жиынды ашқан қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева өскелең ұрпақты тәрбиелеуде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарар рөлін атап өтті. Өз сөзінде Мүбарак Қасымқызы Жастар жылы жас ұрпақтың алдында зор міндеттер тұрғанын, оны жүзеге асыру үшін сарқылмас қуат, мол жігер қажет екенін жатап өтті. Сондай-ақ, тараздық «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері жастайынан қоғам өміріне белсене араласып, қатарластарын патриоттық тәлімге шақырып жүргеніне ерекше тоқталды.

Жастар форумына жиналған көпшілік қала бойынша жасұландықтардың көңілді флешмобын тамашалады. Шарада аталған ұйым қатарына салтанатты түрде белсенді оқушылар қабылданып, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек арнайы дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ ұйым қатарына қосылған 60 балаға «Жас қыран» төсбелгісі мен галстук тағылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.