Тараз қаласында «Қазақ ауылы» этножобасының таныстырылымы өтеді

224

Ертең Тараз қаласындағы «Төрткөл» керуен сарайында «Қазақ ауылы» этножобасының таныстырылымы өтеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаның басты мақсаты – көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту.

– Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырады. Кешенде кез келген адам көшпенділер өркениетінің этно мәдени ортасын сезіне алады және ауылдың күнделікті, мерекелік өміріне көз жүгіртуге толығымен ие болады,- дейді облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар өтеді. Ұйымдастырушалар ауылда «Дәстүрлі аң аулау түрлері», «Ұлттық ойындар мен ойын-сауық», «Ұлттық тағам», «Қазақ музыкалық-театр өнері», «Қолөнершілер» секторларын тамашалаған адам қазақ халқының әдет-ғұрыпы, салт-санасы жайлы мол ақпарат алуға болатынын айтады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.