Суармалы жер көлемі артуда

Суармалы жер көлемін арттыру мақсатында Шу ауданында 3 су қоймасы – Тасөткел, Ақсу, Сарғау және 5 су бөгеті – Тасөткел, Бұланбай, Көкөзек, Алтай, Қайыңды халыққа табысты қызмет етуде. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінің теңгерімінде 3 магистральды канал және осы магистральды каналдардан бастау алатын 93 шаруа аралық каналдар орналасқан.

– Бүгінгі күнге Шу ауданы бойынша 4 фермерлік жылыжай жұмыс істеуде. Бұл аудан тұрғындарына жыл он екі ай көкөніс жеткізу жолында жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін көбейту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, 2018 жылдың қорытындысымен 8 кооператив тіркелген. Оның 6-ы нәтижелі жұмыс атқаруда, 2-уі несие ала алмауына байланысты жұмыстары уақытша тоқтап тұр.

2019 жылы Шу ауданы бойынша 15 кооператив құру жоспарланған. Оның екеуі сүт бағытында, он екісі ет бағытында, біреуі егін шаруашылығы бағытында. Аталған кооперативтердің сүт бағыты бойынша Ақсу, Төле би және Өндіріс ауылдық округтерінде 3 кооператив, ет бағыты бойынша Ескі Шу және Көкқайнар, Бірлікүстем, Тасөткел, Қорағаты ауылдық округтерінде 5 кооператив, егін шаруашылығы бағыты бойынша Бірлікте 1 кооператив құрылды, – дейді аудан әкімі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.