Шымкентте газдан бес адам уланып, біреуі қайтыс болды | arainews.kz

Шымкентте газдан бес адам уланып, біреуі қайтыс болды

161

Шымкентте газдан бес адам уланып, біреуі қайтыс болды. Қайғылы жағдай қала ортасындағы жеке үйлердің бірінде орын алған.

Таңғы сағат 7-лер шамасында қаладағы газ таратушы мекемеге тұрғындардың жаппай иістен уланғаны жөнінде шұғыл ақпарат түскен. Кезекші дәрігер 4 адамның токсикологиялық ауруханаға түскенін хабарлаған. Оқиға орнына жеткен апаттық құтқару қызметі жекеменшік үйдің газ құбырларынан бірнеше ақауды анықтады. Белгілі болғандай, бір отбасының 4 мүшесі түнде  екінші қабатта жатқан. Ал, бақилық болған әйел пештің түбінде түнеген.

«Газдан уланған 4 адам қазір ауруханада жатыр. Олардың қатарында 1958 жылы туған еркек, 1976 жылы туған әйел, 2001 жылы туған ұл бала және 2007 жылы туған қыз бар. Иістен уланып көз жұмған 47 жастағы әйел Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Тексеру кезінде марқұмның ас үйде қонғаны анықталды. Қайғылы жағдайдың себеп-салдары жан-жақты тексеріліп жатыр» делінген газ таратушы мекеменің хабарламасында.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.