Сарысулықтар мемлекеттік автокөліктерге GPS орнатпақ | arainews.kz

Сарысулықтар мемлекеттік автокөліктерге GPS орнатпақ

301

Сарысу ауданында аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Сақыпбековтың қатысуымен алқалы жиын өтті. Басқосуда «Аудан әкімдігі бөлімдері және Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімі аппараттарындағы орындаушылық тәртіп туралы» мәселе қаралып, біраз мәселелер ортаға салынды.

– ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында бірінші басшылар азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізуге міндетті делінген.

Алайда, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен тұрғын үй- коммуналдық, шаруашылық бөлімі және Түркістан, Тоғызкент, Досбол ауылдық округ әкімі аппаратында карточкалар, тіркеу журналы толық рәсімделмеген.

Карточкалары бола тұра жер қатынастары бөлімі мен Жаңаталап, Игілік ауылдық округ әкімі аппаратында «Азаматтардың өтініштері» базасында, яғни «Айқын» базасында тіркеу шаралары жүргізілмеген, – деді Ж. Сақыпбеков өз сөзінде.

Баяндамашы атап өткендей, осындай кемшіліктер қызмет көрсетудің басқа түрлері мен де аудан әкімдігінің бөлімдері мен округ, қала әкімдеріне де қатысты болып шықты.

Ең басты мәселе мемлекеттік автокөліктерге GPS орнату болып отыр. Мұның өзі бос жүрістердің санын азайтып, сапалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік тумақ.

Мәжілістегі айтар жаңалық аудан әкімі Қ.Мәдібектің айтуынша 80-нен астам қызметтік пәтерлер өздері жұмыс істейтін мекеменің балансына берілмек. Жыл сайынғы ағымдағы жөндеу, соңынан жекеменшікке шығару да сол мекеменің құзыретінде болмақ.

Мәжіліс күні тәртібіндегі мәселелер бойынша арнайы қаулылар қабылдады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.