Сарысулық студенттер сыйақысыз сессияны таңдайды | arainews.kz

Сарысулық студенттер сыйақысыз сессияны таңдайды

174

Сарысу ауданындағы Жаңатас көпсалалы колледжінің студенттері арасында «Сыйақысыз сессия — адал болашаққа жол» тақырыбында акция өткізілді. Акцияға Сарысу аудандық прокуратурасының прокуроры М.Ақынбек , Сарысу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі Юювеналды полиция тобының испекторы, полиция майоры Ж.Ерубаев, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова , директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Алашбаев, оқу бөлімінің меңгерушісі Д.Қоданов қатысты.

Сарысу аудандық прокуратурасының прокуроры Мақсат Ақынбек сыбайлас жемқорлық елдің беделіне көлеңке, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіріп қоғамның бақытты болашағын тежейтініне тоқталды.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Ж.Әбілдаева сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жағдайда қандай жазалар қолданылатыны туралы қысқаша түсінік беріп өтсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова қызметкерлердің, студентердің жəне басқа да азаматтардың бұзылған құқықтарын,бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қалпына келтiру немесе қорғау туралы өтініштерін, қызметкерлердің Əдеп кодексінің талаптарын бұзғандығы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық əрекеттері туралы шағымдарын жəне оқу-тəрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын жедел қабылдау, тіркеу, қарау жəне жауап беру үшін қойылған «Сенім жəшігінің» міндеттерін айтып өтті .

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.