Сарысу ауданында «Халықтық заңгер» акциясы өтті | arainews.kz

Сарысу ауданында «Халықтық заңгер» акциясы өтті

182

Сарысу ауданында «Халықтық заңгер» акциясы аясында қоғамдық қабылдаулар өтті. Акцияның басты мақсаты – осы науқан арқылы халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез-келген азамат заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер беру.

«Халықтық заңгер» акциясы аясында Сарысу ауданында өтікен қоғамдық қабылдау Аудандық орталық ауруханының емханасынан бастау алды. Қоғамдық қабылдауға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек арнайы келіп, қабылдау барысын көрді.

Сонымен қатар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Гүлнұр Алтынбекова, облыстық «Jambyl» телеарнасының тілшісі Назима Жувандикова, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері және аудан әкімдігі аппаратының басшысы Жұмат Сақыпбеков пен басқа да ауданның осы шараға қатысты білікті мамандары қатысып, тұрғындарды қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Аудандық емханадан шыққан соң арнайы топ өкілдері Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Сонан соң аудандық мәдениет үйіндегі «Коворкинг» білім беру орталығында аудан кәсіпкерлерімен жолығып, қабылдау өткізді.

Келесі кезекте қабылдау әлеуметтік нысандарды аралаумен жалғасын тапты. Қабылдау барысында аудан тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, шешімін тапапй жүрген мәселелердің заң тұрғысында шешімін табу жолдарын сұрады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.