Сапалы сайттың салмағы бөлек | arainews.kz

Сапалы сайттың салмағы бөлек

261

Кеше «Достық» үйінде облыс әкімдігі Ішкі саясат басқар­ма­сы­ мен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Q-KENES.KZ және J-RECEPTION.KZ сайттарының тұсаукесері өтті.

Ағымдағы жылы аталған бас­қар­ма­ның «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру және жүргізу» және «Интернет қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жобалары аясында интернет-сайттар ашу жоспарланған болатын. Жобалардың үйлестірушісі – «Жамбыл облысы жастар ұйым­дарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
Тұсаукесер рәсімінде сөз алған облыс әкімдігі Ішкі саясат бас­қар­ма­сының басшысы Берік Құрманғали бүгінгі ақпараттық технологиялардың қарқынды дамыған кезеңінде қос бірдей сайтты ашудағы ең басты мақсат – xалықпен кері байланыс орнату екенін атап өтті.

– Мәселен, «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» жобасы бойынша жұмыс жүргізетін J-RECEPTION.KZ сайтының мақсаты халықты алаңдататын өзекті мәселелерді қабылдау. Нақтырақ айтсақ, тіркеу және қарау бойынша «интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастырып, жергілікті тұрғындар мен билік органдары арасында кері байланысты жүргізу.
Сондай-ақ, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» жобасы аясында облыстық, Тараз қалалық, аудандық Қоғамдық кеңестері жұмыстарының ашықтығын көрсету мақсатында Q-KENES.KZ сайты іске кірісті. Аталған сайтта түрлі бағыттарда айдарлар ашылып, қоғаммен кері байланысты орнату жұмысы жүргізіледі, – деді Берік Уәлиұлы.
Шара барысында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Исламбек Дастан жобаның маңыздылығы туралы ойымен бөлісті. Оның айтуынша, сайттар республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі жаңалықтармен тұрақты түрде толықтырылып, «Сұрақ-Жауап», «Қоғамдық бақылау» айдарлары жүргізіледі. Өзекті мәселелерді талқылау бойынша мақалалар, мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік-құқықтық актілер орналастырылатын болады.
Мұнан кейін қатысушылар сайт жұмысына байланысты сұрақтарын қойып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.