Португалияда орман өртінен 50 шақты адам түрлі деңгейде жарақат алған

Португалияның оңтүстік-батысындағы орман өрті басылар емес, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  24.kz  сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, оттың туындауына Африкадағы 45 градус аптап ыстық себеп. Рейтер агенттігі 50 шақты адамның түрлі деңгейде жарақат алғанын жариялады. Желдің екпіні де өртті одан сайын өршітіп барады. Жергілікті билік күн салқындаса, өртті сөндіру оңайлайтынын айтады. Алайда сынап бағанасы 47 градустан түспей тұр. Тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысып жатқандардың 90 пайызы еріктілер. Өртке қарсы 1150 құтқарушы мен ауадан су себу үшін арнайы 13 ұшақ жұмылдырылған. Олардың үшеуін көршілес Испания жіберген. Себебі осы өрт салдарынан Валенсия ауылынан 2,5 мың тұрғын эвакуацияланды. Португалияның ұлттық гвардиясының 160 әскериі тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіріп жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр Фойя ауылында тұтанған өрт салдарынан 114 адам көз жұмған еді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.