Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды | arainews.kz

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

147

Павлодар маңында «ГАЗель» мен «Лада» көліктері соқтығысты. Салдарынан автомашиналар жанып, жүргізушілердің бірі мерт болды.

«19 қазан күні сағат 00.20-да Павлодар-Семей тасжолында Павлодар қаласы Байдалы ауылына қарама-қарсы жерде «ГАЗель» мен «Лада» маркалы көліктер соқтығысты», — деп хабарлады Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апатынан «Лада» өртеніп, жалын «ГАЗель» көлігіне тараған. Салдарынан екі машина толықтай жанып кеткен.

«Лада» жүргізушісі көлік өртенген кезде қаза тапты. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп атап өтті полициядан.

Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.