Өзбекстан Республикасы Әйелдер істері жөніндегі комитетінің төрайымының орынбасары М. Нұрматова Тараз қаласына жұмыс сапарымен келеді | arainews.kz

Өзбекстан Республикасы Әйелдер істері жөніндегі комитетінің төрайымының орынбасары М. Нұрматова Тараз қаласына жұмыс сапарымен келеді

172

Өзбекстан Республикасы Әйелдер істері жөніндегі комитетінің төрайымының орынбасары Мукаррам Нұрматова Тараз қаласына жұмыс сапарымен келеді.

Сапары аясында ол Қазақстан Республикасы іскер әйелдер қауымдастығы басшылығымен, өңірлік «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтеді. Онда екі ел арасындағы шекаралық ынтамтастық орнату мен аймақтың туризм саласын дамыту аясында баяндамалар жасалып, қатысушылар өзара пікір алмасатын болады. Жиын соңында Жамбыл туризм қауымдастықтары мен Өзбекстан  Республикасының «Nafis Travel» туристік компаниясы арасында екі жақты өзара әріптестік  меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда. Осы меморандумдар туризм саласында Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Жамбыл облысындағы туристік секторды қолдау, туризм саласын дамыту және жетілдіру, сондай-ақ, мүдделі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында өзара көмек көрсету және туристік қызметтерді дамытуда өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталмақ.

Сондай-ақ, М.Нұрматова «Көне Тараз» кешенінде болып, «Рухани жаңғыру» залымен танысып, археологиялық ашық аспан астындағы «Көне Тараз» мұражайын  аралайды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.