Отбасы – қоғам тірегі | arainews.kz

Отбасы – қоғам тірегі

162

Меркі аудандың әкімдігінде «Отбасы күніне» орай мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Мейірхан Өмірбек, ақын Шырын Мамасерікова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбарбек Иманалиев, Қоғамдық кеңес төрағасы Серік Құралбай, аудандық мәслихат депутаттары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиынды ашқан Мейірхан Азатұлы отбасы құндылықтары жайында кеңінен сөз ете отырып, Отбасы күнін ерекше атап өтудің мақсаты жайында тоқталды. Сонымен қатар, отбасылық жағдайға, оның ішінде, бала тәрбиесіне көңіл бөлу – күн тәртібінен ешқашан түспейтін басты мәселе екенін, бұл ата-аналардың бір күндік емес, күнделікті міндеті екенін айтты.

Келесі ретте, сөз алған Қамбарбек Иманалиев аудан басшысының сөзін құптай отырып, отбасындағы бала тәрбиесінде ата-аналардың тек игі- жақсы сөздері емес, сонымен қатар, баланы бір істі меңгеруге баули білуі де маңызды екенін атап өтті.

Сонан соң, марапаттау рәсіміне кезек берілді. Бұл ретте, әр округтен бір отбасы – тату-тәтті өмір сүріп, қоғамға ой сала алатындай, ауданымыздың өркендеп, дамуы жолында әртүрлі салаларда өздерінің іскерлігін көрсетіп, тек жақсы жақтарымен ауыл арасында танылып жүрген үлгілі отбасылар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.