Оқырмандар олжаға кенелді

65

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі қаламгер  Сұлтан Қалиевтің 75 жыл толуына орай «Əлемді кітап арқылы танимын» атты жас оқырмандар арасында облыстық байқау өтті. Облыс əкімдігі мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының  ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты  жасөспірімдер арасында кітапсүйер жастарды анықтау жəне Сұлтан Қалиевтің өнері мен шығармашылығын паш ету.

Шараның ашылуында басқарма басшысының орынбасары  Зубайра   Жарқынқызы  ақынның шығармашылығына  тоқталып,  қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қатысушылар өзін-өзі таныстырса, екінші кезеңде С.Қалиевтің өлеңін оқып, көрініс қойды.  Одан кейінгі  «Портрет галерея» кезеңінде  ертегі кейіпкерлерін тауып, төртінші бөлімде  Сұлтан Қалиевтің өнері мен шығармашылығынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сайыс нәтижесінде 7-10 жас аралығындағы үміткерлер арасында Талас ауданынан келген Алина Бейбіт бірінші орынды иеленсе, Сарысу ауданының атынан сынға түскен  Диас Бақытжан екінші орынды еншіледі.  Үшінші орынның жүлделері  меркілік Медина Мәжит  пен Инсан Разбайға бұйырды.  Ал, 10-15  жас аралығындағы оқушылар жарысында бірінші орынға Жуалы ауданының қатысушысы Меруерт Кари қол жеткізіді. Екінші орынды Жамбыл ауданының оқушысы Махаббат Алипчеева мен Байзақ ауданының үміткері Венера Мырзакулова  бөліссе, Минура Сатыбалдиеваға үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.