Округ әкімдері есеп берді

Қашқантеңіз стансасы

Қашқантеңіз бастауыш мектебінде Мыңарал ауылдық округінің әкімі Зубаржат Камиевахалық алдында 2019 жылыатқарған жұмысы туралы есепберді. Жиынға аудан әкімдігініңбас инспекторы Сайнұр Аманов,аудандық мәслихаттың депутатыТөлеукүл Кәрібаева, мектепдиректоры Жания Бакирова,«Азериншат» компаниясының жұмыскері С.Туғанбай және ауылтұрғындары қатысты.

Кездесуде ауыл тұрғыны Серіккүл Сұлтанбек ауыз су, Нұрбибі Оспанова жер учаскесін заңдастыру және жеке меншікке аудару үшін қандай құжаттар қажет болатындығы туралы сұрақ қойып, оған жауап алды.

Мыңарал стансасы

Мыңарал орта мектебінде өткен ауыл әкімінің есебіне халық көп жиналды. Алдымен ауыл әкімі Зубаржат Камиева округте жыл ішінде атқарылған жұмыстары жайлы баяндады. Кездесуге аудан әкімдігінің бас инспекторы С. Аманов, аудандық мәслихаттың депутаты Т.Кәрібаева, мектеп директоры Ж.Ибраимова, Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ү.Айнақұл, Мыңарал стансасының бастығы А.Дулатбеков, «Нұр-ай» балабақшасының меңгерушісі О.Абенова, ауылдық округі бойынша учаскелік инспектор, полиция капитаны А.Камиев және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында Мыңарал стансасының бастығы А.Дулатбеков, ауыл тұрғыны Б.Аяпбергеновтер сөз алып, Мыңарал стансасындағы су құбыры мұнарасының күшқуатының әлсіз екенін алға тартып, соның себебінен шеттегі үйлерге су жетпейтіндігін айтты. Осыған байланысты су құбыры мұнарасын ауыстырып беруін сұрады және нотариалдық іс туралы ұсыныспікірлерін жеткізді. Ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.

Бурыл-байтал стансасы

Шығанақ ауылдық округі әкімі Ерік Дүйсеновтың БурылБайтал стансасы тұрғындарына есеп беру жиыны стансадағы бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратында өтті. Кездесуге халық көп жиналды. Алдымен округ әкімі Е.Дүйсенов 2019 жылы атқарылған жұмыстары жайлы байыпты баяндама жасады. Жиында ауыл тұрғындары Г.Курманова, Б.Бейсенбаева, Б.Мұсатаева, К.Маникулова, К.Кернебаева, М.Екибаева, Б.Есеншораева, С.Курмановтар сөз алып, ауыз су, кабелдік интернет тарту, 4 шақырым жерде орналасқан Байтал ауылының тас жолына қиыршық тас төселуін, Бурылбайтал стансасындағы орталық көшені тегістеу сынды мәселелерді көтерді. Ал Гауһар Құрманова 2019 жылы жабылып қалған Бурыл-Байтал бастауыш мектебі ғимаратының екінші жағын ауыл тұрғындары пайдаланса деген ұсыныс айтты. Онда ауыл тұрғындары ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеп, наубайхана, сүт, қымыз, айран, ет сатып, халыққа қызмет етсе деген тілегін білдірді.

Қияқты стансасы

Ағыбай батыр негізгі  мектебінде өткен ауыл жиынында Хантау ауылдық округінің әкімі Әнуар Сейтқазиев 2019 жылы атқарған жұмысы туралы халық алдында есеп берді. Ауыл тұрғындары Ж.Асылбекова, С.Ахметов ауыз су құбырының жеделдетіп пайдалануға берілуі, Г.Оспанова бос ғимараттың иелігін анықтау, Л.Золотинская көше жарығы, дәріхана ашу, А.Түйешиев ұсақ малдар жайылымының жетіспеушілігі, А.Оспанов ауыл көшелерін асфальттау, үлкен жолдан ауылға кіре беріс жолды жөндеу, З.Акишева бос жүрген иттерді аулау мәселесі жайлы айтты. Кездесуге аудан әкімінің бас инспекторы Сайнұр Аманов, учаскелік инспекторлар, аудандық мәслихаттың депутаты Қанат Түйешиевалар қатысты. Барлық кездесулерде округ әкімдерінің есептеріне оң баға берілді.

Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.