Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

48

Сейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары өсті.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,8 долларға көтеріліп, 81,56 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қараша айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,14 долларға өсіп, 71,92 долларды құрады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.