Мейвезер Нурмагомедовпен айқасына $200 млн алатынына сенімді

46

Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер ресейлік Хабиби Нурмагомедовпен айқастан тоғыз сандық гонорар алатынына сенімді.

«МакГрегормен айқастан көп аламын. Кепілді гонорардан $100 млн қаржыға артық алатын шығармын. $110-$200 млн аралығында деп ойлаймын», — деді ол TMZ порталына берген сұхбатында.

Екі спортшы да екі салмақ дәрежесіндегі UFC бұрынғы чемпионы ирландық Конор Макгрегордан басым түсті. Мейвезер Конорды 2017 жылдың тамызында Лас-Вегаста техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Нурмагомедов Макгрегорды 7 қазанда Лас-Вегаста ұтты. Ресейлік техникалық нокаутпен жеңіске қол жеткізді. Мейвезер кәсіби бокс тарихындағы ең көп ақы төленетін боксшы саналады. Бес салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы кәсіби рингте 50 айқас өткізіп, бәрінде де жеңген еді (27-і — нокаутпен).

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.