Меркіде лимон өсіру ісі қолға алынды | arainews.kz

Меркіде лимон өсіру ісі қолға алынды

264

Меркі ауданының табиғи орналасу аумағы мұнда егін шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, ауданда Қазақстанды жерсінбейтін кейбір жеміс түрлерін өсіруге де жағдай бар. Осыны ескере отырып, ауданда экзотикалық жемістер өсіру ісі қолға алынып отыр.

Бұл жұмыстар Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды арттыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықты дамыту бойынша пилоттық жоба асында жүзеге асуда.

Бүгінде Меркі ауданында лимон көшеттерін отырғызу басталды. Палата жылыжай кешендерін, жеміс-жидек, жаңғақ дақылдары тәлімбақтарын, сәндік көшеттер мен шағын ферма салу үшін жалпы алаңы 6 гектарды құрайтын «Агроаумақ» жобасын қолға алуда.

Өңірлік палата облыстың барлық аудандарында шағын жылыжай салу және жеміс-жидек дақылдарын өсіру үшін «Агроаумаққа» жер телімдері бөлінуде. Бұл жобалар жеміс-жидек, көкөніс дақылдарын өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкердің табысы мен бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал жасайды. Сондай-ақ халықты отандық өндірістің сапалы табиғи көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, жоғарыда аталған жоба аясында лимон, анар, жүзім және бадам өсіру бойынша оқыту семинарлары өткен. Онда спикерлер ретінде отандық және шетелдік сарапшылар, тәжірибелі мамандар тартылып, білгендерімен бөліскен еді. Соған орай палата жеке қосалқы шаруашылықтар үшін қолда бар ауыл шаруашылығы қызметінің әлеуетті түрлерінің тиімділігіне талдау жүргізіп, аймақтың климаттық жағдайына сәйкес келетін жоғары салмақты бағыттарды іріктеп алған еді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.