Меркі ауданының әкімі өткен жылды қорытындылады

Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбек 2019 жылы атқарған жұмыстары және 2020 жылға жоспарлаған міндеттері  туралы Ақтоған, Жамбыл және Меркі уылдық округтері тұрғындары алдында есеп берді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»атты жолдауындағы көрсетілген міндеттер мен басымдықтарды, облыс пен аудан арасындағы межелерді орындауда, аудан халқының сұранысынан туындап жүрген өзекті мәселелерді шешуде ауданда жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Есепті кездесулерде ауылдық округтері әкімдерінен соң аудан әкімі ортаға шығып,  дәстүрге айналған баяндама оқымай, слайд арқылы өзінің атқарған жұмыстарын түсіндірді.

Атап айтсақ, 2019 жылы ауданда бюджеттің кірістер жоспары 16000,9 млн.теңгеге жоспарланса, ол  100,5%-ға орындалған. Слайдта барлық ауылдық округтердің кіріс салықтары туралы ақпарат 2018 жылмен салыстырмалы түрде көрсетіліп тұрды. Сонымен қатар,  аудан бюджетінің шығындары 16186,3 млн.теңгеге жоспарланып, 100,0% игеріліпті. Аудан әкімі өзінің жылды қорытындылау сөзінде аудан бойынша 2019 жылы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 5302,5 млн.теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда 36,5% құрағанын жеткізді. Бұл көрсеткіштің төмендеу себебі «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 25 қазан аралығында шикізат тапшылығынан уақытша тоқтап тұруына байланысты болған. Дегенмен басқа да шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 218,8 млн.теңгеге артып отыр.

Меркі ауданы ауыл шаруашылы мен мал шаруашылығымен белсене айналысады. Ауданда ірі-ірі шаруашылықтар аудан, облыс көлемінде емес, өндірілген өнімдерін шет елдерге экспортқа шығаруда. Бұл шаруашылықтар мен кәсіпкерлерді несиеленді жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Аудан көлемінде жұмыс атқарып отырған «Меркі несие серіктестігі» ЖШС тарапынан 2019 жылы жалпы 1641,8 млн.теңгені құрайтын 192 шаруа қожалыққа несие берілді. Нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылы жалпы өндірілген өнім көлемі 29495,6 млн.теңгеге жетіп, 104,9% артып отыр. Ал  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша инновациялық бизнес жоспарларды қорғап, аудан бойынша 10 азамат 19,0 млн.теңге грант жеңіп алған. Аудан бойынша барлық ауылдық округтерде мүшелері бар  сүт бағытында 6 ауыл шаруашылығы кооперативі (ары қарай АШК), ет бағытында 5 АШК құрылып жұмыс жүргізуде. Ет бағытындағы кооперативтер 1278,1 тн ет өндірді. Сүт бағытындағы кооперативтер 1805 тн. сүт өндіріп, 11,33  млн.  тг субсидия алды. Ауданда жылына 9000 л, күндігіне 30-35 л сүт беретін асылдандырылған сиыр тұқымдарын өсіру қолға алынған. Бұл бағытта «Бахор» шаруа қожалығы  биыл бір жынысты тұқым ды қолдан ұрықтандырып шығаруды қолға алды. Бұрын 80-90% еркек бұзаулар алынса, енді бір жынысты тұқымнан 80-90% ұрғашы бұзау алынбақшы.

Қолдан ұрықтандыру демекші, 2019 жылы 2418 бас мүйізді ірі қара малы және 66573 бас ұсақ мал қолдан ұрықтандырылған.

Облыс әкімі Асқар Исабекұлының тапсырмасымен 2019 жылы ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында жоба қабылданып жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта Сұрат ауылдық округі пилоттық ауылдық округ болып бекітіліп, оған 630,0 млн.теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Оның ішінде үй іргесіндегі жерді тиімді пайдаланып көкөніс егу арқылы табыс табу үшін Сұрат ауылдық округінің жалпы үй іргесіндегі егіске жарамды 462 ауланың 97,02 га жерінің, 438 ауласы 92,02 га жерімен жобаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Аула маңында мал өсіру, жылыжай, шеберхана салу т.б. кәсіп арқылы табыс табу үшін Сұрат ауылдық округі бойынша 182 адам өтінім білдіріп, құжаттарын «Тараз» ӘКК-ға өткізді. Бүгінгі күні қаржылары берілу үстінде. Қазіргі күні 63 азаматтың қаржысы есеп шотына түсіп, оның 8-і  қажетінше 104 бас мал сатып алған.

Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында ауыл сыртындағы жерлерді ауыл тұрғындарымен бірлесіп пайдалану арқылы мал азығымен қамту, техника, тұқым және басқа да тауарлық құндылықтармен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігу арқылы жұмыс жүргізу, жобаларды қаржылындыру арқылы тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндік берілгелі отыр.

Жиын барысында ауыл тұрғындары көшенің жөнделуі, ағын су, жайылым жерлер туралы сұрақтар қойды. Мәселен, Ақтоған ауылының тұрғыны Серік Құралбай:

– Құрметті Мейірхан Азатұлы, аудандық орталық аурухана жарты жылдан аса уақыт басшысыз тұр. Денсаулық саласында үлкен кедергіліктер осыдан деп білем. Бір біріне сілтеген дәрігерлер. Тездетіп басшы тағайындалса, осыған дейінгі болған басшылардың бәрі сырттан келген дәрігерлер. Өз ауданымызда бсшылық қызметке лайықты азамат жоқ болғаны ма?! – деген ұсынысын білдірді.

Оған аудан әкімі аудандық аурухана басшысына тағайындау жүргізу туралы облысқа ұсыныс бердік. Алдағы уақытта шешімін табады. Дегенмен, өз ауданымыздан тағайындап беріңіздер деуіміз заңға қайшы келеді,-деп жауап берші М.Өмірбек.

Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Жоран Аляхунов газ квитанциясымен бірге ай сайын 2700 теңге төлеу туралы ескертпе, былайынша артық төлем келетінін және газ пештерін ешкім де тексермейтінін айтып, мәселенің мән-жайын сұрады. Оған «Қазтрансгазаймақ» АҚ басшысы Әшім Шыңғыс Тәуірбекұлы 2700 теңгені ай сайын төлеудің қажеттігі жоқ екенін түсіндрді. Ал газ мамандарын 104 нөмірі арқлы шақыртса, әрдайым келіп, тексеріп  беретінін айтты. Сонымен қатар, ауылдықтарды қауіпсіздік ережелеін сақтап, қысқы мерзімде уланып қалу қаупі туралы ескертті.

Есепті кездесулерге келген аудан тұрғындары аудан әкімінің атқарылған жұмыстарына оң бағасын беріп, алғыстарын айтты. Өйткені ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының артқаны баяндама арқылы емес, атқарылған істерінің нәтижесінен-ақ  айқын  көрініп тұр.

Лаззат Құралбаева

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.