Мәуліт мерекесін атап өтті

Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың дүниеге келген күні,яғни, мәуліт мерекесі Сарысу ауданының Жайылма ауылдық округінде аталып өтті.

Шараның басты мақсаты Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани өнегелі өмірі, тәлім-тәрбиесі мол ұлағатты сөздерін жас өрендердің санасына сіңіру, жастардың дұрыс, тура жолмен жүріп-тұруына септігі тиетін хадистерді насихаттау болып табылады.

Жиында Жайылма ауылдық округінің әкімі Смағұлов Жандарбек Бекболатұлы және Сарысу аудандық мешіттің найб имамы Шадиев Алмат сөз сөйледі.

Кеш барысында Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өмірінен баяндама оқып, бейнетаспа арқылы көрермендерге ислам дінін насихаттайтын көріністер көрсетіліп, асыл дініміз Ислам жайлы танымдық өлең-жырлар айтылды.

Сонымен қатар Шымкент қаласы, Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Дастан Желеуовты және Саудакет ауылынан келген Рәтбек Қажы Сүлейменов, мешіт ұстазы, Нұр-Мүбәрәк ислам университетінің түлегі  Нүсіпбек Бауыржан және «Ысқақ Пірәдар» мешітінің имамы Тәпелов Нарбота жиналғандарға уағыз насихат айтты.

Жиын соңында Жайылма ауылдық «Ысқақ Пірәдар» мешінінде жалғасты. Мешіт ішінде келген қонақтармен ауыл қарияларына арнап арнайы ас берілді. Сонымен қатар, қонақтар мен ауыл қарияларына шапан сыйға тарту етілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.