Мамандық таңдау – маңызды шешім | arainews.kz

Мамандық таңдау – маңызды шешім

192

Жастар жылына қатысты Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан мектеп оқушыларына  «125» білім беру орталығының мамандары арнайы «Мамандық таңдау–маңызды шешім» тақырыбында  дәріс оқыды.

– Қазіргі таңда оқушылар мамандық таңдар кезінде бірінші пән таңдайды, екінші сол пәнге байланысты мемлекеттік грант көп бөлінетін мамандықтарды қарастырады. Бұл дұрыс емес. Адамда арман болу керек. Грант үшін өзіне ұнамайтын мамандыққа төрт  жыл оқып,  уақыт жоғалтуға болмайды. Арманға жету үшін, алға дұрыс мақсат қоя білу керек. Қазірга қоғамда үш типті жұмысшылар бар. Біріншісі орындаушылар, екіншісі орындатушылар, үшіншісі таза ауаның директоры. Яғни, орындаушылар – тек берілген тапсырманы орындайды, орындатушылар – өзге қызметкерлерге орындатқызады, ал таза ауаның директорлары жұмысқа барып, келіп құр уақыт өткізіп жүргендер. Сондықтанда,өз таңдауларыңызды дұрыс жасаңыздар, – деп «125» білім беру орталығының  оқытушысы Қайрат Рахметов оқушыларды жігерлендірді.

Сондай-ақ, Қайрат Рахметов оқушылғарға өз өміріндегі мамандық таңдаудағы пайдалы кеңестерімен бөлісті. Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.