Құтқарушылар Жамбыл облысының ірі денсаулық сақтау мекемелерінде арнайы сабақтар өткізді

Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлері тамыз айынан бастап 4 ірі денсаулық сақтау мекемесінде «Жер сілкінісі және табиғи апаттарда қызметкерлерді эвакуациялау» тақырыбында азаматтық қорғаныс бойынша қосымша сабақ өткізді.

Аталмыш шаралар Жамбыл облысы ТЖ департаменті Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып облыс аумағындағы барлық денсаулық сақтау мекемелерінде жер сілкінісі және табиғи апаттарда қызметкерлерді эвакуациялау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жоспары аясында жүргізіліп отыр.

Сабақ барысында Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері фото, бейне материалдар көрсетілген ақпаратты-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған сабаққа облыстық ауруханаларының және басқа да денсулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар, оларға жер сілкінісі мен табиғи апаттар кезінде ғимараттан адамдарды эвакуациялау ережелері түсіндіріліп, эвакуациядан кейін, зардап шеккендерді қабылдау пункттеріне орналастыру тәртіптері түсіндірілді.

Мекеме қызметкерлерінің пікірінше, аталған семинар-сабақ барлығына қызықты әрі пайдалы болып табылды. Жаттығу кезінде, күнделікті өмірде өздерінің іс-әрекеттерімен халықты эвакуациялау және дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігіне қол жеткізуге болатындығын айтты.
Аталған іс-шаралар облыстың барлық аумағында айдың соңына дейін жүргізіледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.