«Қосқұдықтың» орманшылары олжалы | arainews.kz

«Қосқұдықтың» орманшылары олжалы

558

Орманшылар күніне орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде сала мамандары арасында облыстық спартакиада өтті. Жарыстың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Орманшылар мен қорық­шылардардың еңбегі әркез ерен. Сіздер қоршаған ортаның, Табиғат-Ананың байлықтарын қорғап, келер ұрпаққа жеткізуде өлшеусіз үлес қосудасыздар. Биылғы жылдан бастап Қазақстан күнтізбесінде жаңа ресми мереке – Орманшылар күні пайда болды. Бұл сіздердің адал еңбектеріңізге берілген әділ баға. Сондықтан, барлықтарыңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Мұратхан Жүнісәліұлы.
Бұдан кейін жарыс көркі қыза түсті. Сала мамандары шағын футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, армрестлинг және арқан тартудан сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады.
Тартысты өткен жарыс қорытын­дысында жалпыкомандалық есепте бас жүлдені Шу ауданындағы Қосқұдық орман шаруашылығы ме­ке­­ме­сі жеңіп алса, ІІ орын Жуалы аудандық орман шаруа­шы­лығы мекемесіне бұйырды. Ал, үздік үштікті облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы түйіндеді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, сала ардагерлері Сағатбек Барлыбаев, Дәулет Асанбеков және Жақсылық Мұздыбаев талай жылғы адал еңбегі үшін төсбелгімен марапатталды.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.