Көшелер жарықтандырылып, бағдаршамдар реттелуде

Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде Тараз қаласында да талай тірлік тіктелуде. Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде көшелерді жарықтандыру, электр желілерін жаңғырту сынды жұмыстар жүйелі жүйеі жүзеге асуда.

Айта кету керек, қаладағы көшелерді жарықтандыру және электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстары тұрақты қамтамасыз етілуде. 2019 жылға осы салаға 605,8 миллион теңге қарастырылған.

Көшелерді жарықтандыру бойынша ағымдағы жылы 2 даңғыл мен 27 көшелерде темір бетон бағаналарды металдық бағаналарға ауыстыру, светодиодтық шамдарын орнату және кабелдерді жер астымен жүргізу жұмыстары атқарылатын болады.

Бұдан басқа, қаланың 99 қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағаналарда қосымша уақытты кері есептегіш және көше атауларын бағыттайтын белгілер орнатылуда.

Қаладағы жарықтандырылған көшелердің жалпы саны — 170, бұрылыстар — 50, мөлтек аудандар — 13, тұрғын алқаптар — 5, жалпы ұзындығы — 476,82 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар көне шаһардағы көлік кептелісін азайту және көлік қозғалысын ыңғайландыру мақсатында, техникалық қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе, қаладағы бірнеше көшенің қиылыстарындағы бағдаршамдар уақытша өшіріліп, нәтижесі зерделенуде.

Тағы бір айта кетерлігі, Тараз қаласындағы 10 көше қиылыстарында «ақылды бағдаршам» көлік қозғалысын интеллектуалды басқару жүйесі енгізілген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.