Қоғамдық кеңес жұмысы қорытындыланды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, 2019 жылғы 14 ақпандағы қоғамдық кеңестің №4 хаттамасымен жұмыс жоспары бекітілді.
Қоғамдық кеңестің І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2019 жылғы 20 ақпанда кеңес отырысында аудан әкімі Қ.Досаевтың «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындылары туралы» есебі тыңдалды. Талқылаудың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Ұсынымдардың орындалуы тұрақты бақылауға қойылды.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Жер асты суларының жағдайына Тасөткел су қоймасының кері әсер етуі туралы» «Қазсушар» РМК Жам был филиалы директорының орынбасары Ғ.Зарубаеваның және «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінің бастығы Н. Қарауловтың хабарламалары тыңдалды. Нәтижесінде, ауданның ауылдық округтер аумағында орналасқан 85 дана коллекторлы-дренаждық жүйені, «Байғұтты», НОК (барлығының ұзындығы 35 км) ашық коллекторларын қалпына келтіру жөнінде нақты шаралар қабылдау, «Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру фазасы-2» жобасы аясында 30,8 км ашық коллектор жүйелеріне (К-1, К-2) тазалау жұмыстарын жүргізу, жалпы ұзындығы 141 шақырымды құрайтын (Тасөткел магистральды каналы, «Оң жағалау» және «Сол жағалау» каналдары) шаруашылық аралық каналдарды қалпына келтіру жөнінде Тасөткел су қоймасының түбіндегі балдырлар мен шөгінді құмнан тазалау жұмыстары жайында ұсынымдар қабылданды. Өткізілген отырыстардағы қабылданған ұсынымдардың орындалуын бақылау қоғамдық кеңес мүшелеріне жүктелді.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің ІІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Шатыркөл кен орнында кен өндіруді әзірлеу кезінде тасымалдау жұмыстарының экологияға және қоршаған ортаға кері әсер етуі туралы» экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы Ж.Назарбековтың және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның филиалы «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің Шатыркөл кен орнының директоры М.Ертаевтың, «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің Шатыркөл кен орны бойынша эколог маманы Н.Усимбекованың хабарламалары тыңдалды, нәтижесінде, Шатыркөл кен орнында кен өңдеуді әзірлеу және кенді тасымалдау кезінде экологияға және қоршаған ортаға кері әсер ету жағдайларының алдын алу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау, Бірлік станциясында радиациалық фонды күнделікті өлшеу үшін электрондық табло орнату тетіктерін қарастыруға ықпал ету, Шатыркөл кен орнынан Бірлік стансасына дейін кенді жабық күйде тасымалдауды ұйымдастыру, кен тасымалдау жұмыстары салдарынан Бірлік, Бірлікүстем және Қонаев ауылдарындағы бұзылған автожолдар мен Қонаев ауылындағы автожол көпірін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, кен өндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан ауылдық округтердің жайылымдық жерлерді леманды суландыру әдісін пайдалана отырып қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қабылдау, Шатыркөл кен орнынан
Бірлік стансасына дейін темір жол құрылысын жүргізу тетіктерін қарастыру жайында ұсынымдар қабылданды. Осыған орай, әлеуметтік әріптестік бойынша тиісті мекемелер мен кәсіпорындардан аударылатын қаражаттың тікелей ауданға түсірілуі жөнінде Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің кейбір баптарына тиісті өзгерістер енгізу мәселесі бойынша ҚР Парламенті депутаттарына сұраныс хат жолданды.
Қоғамдық кеңестің ІV тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Шу қаласы мен Төле би ауылындағы кәріз жүйелерінің жағдайы туралы» аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Есеевтің есебі тыңдалды. Төле би ауылындағы 24 нысан кәріз жүйесіне қосылып, толыққанды жұмыс істеуі үшін тиісті жұмыстарды ұйымдастыру, Төле би а/о әкімімен бірлесе Төле би ауылының тұрғын үйлерін кәріз жүйесіне қосу тетіктерін қарастырып, тиісті жұмыстарды қолға алу және «Шу қаласының кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы бойынша тәуелсіз сарапшылар көмегіне жүгініп, нысанды толық аяқтау бойынша нақты шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар қабылданды.
Қоғамдық кеңестің ІV тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Шу қаласы және Төле би ауылдық округі әкімдерінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу жәйі туралы» Шу қаласы әкімінің міндетін атқарушы С.Жаңғарашевтің және Төле би ауылдық округінің әкімі Е.Даберовтың есептері тыңдалды. Нәтижесінде, салықтық түсімдер жоспарларының уақтылы және толық көлемде түсуі бойынша нақты шаралар қабылдау және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын басты назарда ұстау, Шу қаласы бойынша 2020 жылы көше жолдарын жөндеуден өткізу, жарықтандыру, санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, Төле би ауылы бойынша «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында келесі жылы жалғасын табатын құрылыстардың сапасына назар аудару, қалған көшелерді ретке келтіру, жарықтандыру жұмыстарын қолға алу және бюджет қаражатын басқарудың тиімділік және нәтижелік принциптеріне қайшы келетін кемшіліктерді болдырмау мақсатында нақты шаралар қолдану жөнінде ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңес отырыстарында «Шу қаласы мен Төле би ауылының бас жоспарын бекіту туралы», «Шу ауданының Ақтөбе, Алға, Жаңа жол, Ескі-Шу, Көкқайнар, Ақсу, Бірлікүстем, Жаңақоғам, Далақайнар, Дулат ауылдық округтерінің жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы», «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2019-2021ж.ж. арналған қалалық және ауылдық округтерінің бюджеті туралы», «Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы», «2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану туралы», «АБК-Автодор НС»ЖШС-не жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы», «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындауы туралы», ««Қазақтелеком» АҚ нысаналы пайдалануға меншіктік жерді пайдалану құқығына шек қою туралы», «Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», «Шу ауданынының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы», «2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы», «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары туралы», «Жерасты суларының жағдайына Тасөткел су қоймасының кері әсер етуі туралы», «Шу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» және т.б. мәселелер қоғамдық кеңестің мүшелерімен талқыланып, жобалар мақұлданып, бекітуге ұсыным берілді.

Е. ДОСЫМБАЕВ,
Шу аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.