Кітап сыйлау акциясы өтті | arainews.kz

Кітап сыйлау акциясы өтті

265

Облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдасмтыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында нөмірі сегізінші мектеп гимназиясында  ерікті түрде кітапханаларға кітап сыйлау акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты – оқырмандардың сұранысын қамтамасыз ету үшін анықтамалық, ғылыми, танымдық және көркем әдебиеттермен кітапхана қорын толықтыру.  одан кейін «Киелі өлкенің ақындары» тақырыбында облыстың ақын-жазушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Шараны Жамбыл облыстық білім басқармасы оқу әдістемелік кобинеті басшысының орынбасыры Бигелді Тәжібаев ашып берді. Ол өз сөзінде елге еңбегі сіңген ұлт қайраткерлерімен  жастардың  танымдық кеш өткізу  үлкен тәриелік мәні барын айта отырып, аймақтан шыққан ақын-жазушылардың өмір жолы мен бел-белестерін баяндады.

 Кездесу қонақтары жазушы-драматург Елен Әлімжан,  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері , ақын Үміт Битенова, айтыскер ақын Ербол Қамбатыров, облыстық «Ақ жол» газетінің журналисті Есет Досалы болды.  Кеште аталмыш ақындардың бірнеше өлеңдерін оқушылар жатқа айтып, Елен ағамыздың шығармашылығынан үзінді қойылды. Сондай-ақ айтыскер ақын Ербол Қамбатыров көңілді отырыс аясында бірқатар қалжыңға толы бақытты балалық шақтарынан естелік айтып,  киелі өнер тоғыстырған жұбайы Үміт  Битеновамен ұстаздарына арналған әсем ән шырқады.

«Мектептерге қолдау ретінде кітап тарту ету акциясы орынды шешім, әрі өнерлі өрендердің өз алдымызда өте жоғары деңгейде шығармаларымызды орындағаны серпілтіп тастады», — дейді жазушы-драматург Елен Әлімжан.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.